3 99 98 — колл-орталығы
5 45 05 — шұғыл психологиялық көмек
3 99 11 — емделушілерді қолдау
Қазанның 50 жылдық көшесі 102А
Дс-Жм:08:00—20:00
Сн: 09:00—14:00
4.07.2023 ж. Психолог В. А. Бандурина емдеу және егу кабинеттерінің қызметкерлерімен эмоциялық күйуді түзету бойынша тренинг өткізді. Өз эмоционалдық жағдайын басқару техникаларымен таныстырылды.
2023 жылы 5 шілдеде "Рудный қалалық емханасы" КМК денсаулық мектебі ашылды.
Дәрігер Панина Т. А. Мейіргер С.З.Жуматова, функционалдық диагностика мейіргері А.М.Оразов және психолог В. А. Бандурина
Кездесу тақырыбы: Бронхиалды демікпе, демікпе түрлері, демікпенің аллергиялық ерекшеліктері. Бронхиалды демікпе кезіндегі стресстің алдын алу.
Дәрігер мен мейіргерлер ауру бойынша маңызды аспектілерді жария етті, психолог стресстің алдын алу бойынша ұсыныстар мен жаттығулармен бөлісті. Үлестіру материалдары ұсынылды.
2023 жылы 29 маусымда психолог А.А. Рыжикова 3 ЖТД бөлімшесінің ұжымында эмоционалды күйудің алдын алу тақырыбында тренинг-ойын өткізді. Нейрографика әдісімен жұмыс істеп, шығармашылық ойлау мен қиялды дамытатын «Импровизация» ойынын ойнадық. Сондай-ақ, күрделі жағдайларда өзіне жедел көмек көрсету үшін «Эмоциялық еркіндік техникасы» тәжірибесі өткізілді.
2023 жылдың 29 маусымында Рудный қалалық емханасында «Қозғалыс белсенділігі – балалар денсаулығының кепілі. Балалардың қозғалыс белсенділігін оңтайландыру. Отбасындағы мінез-құлық факторының алдын алу.
Дені сау бала мектебіне жауапты: Салахова Н.Ю.
2023 жылдың 22 маусымында Рудный қалалық емханасында "Қосымша тағамды енгізу және оларды дайындау. Азықтандыруға қойылатын талаптар. Балалардағы гипоаллергенді диета. Салауатты өмір салты және отбасындағы мінез-құлық факторларының алдын алу".
Дені сау бала мектебіне жауапты: Саржанова Ж.Б. және Салахова Н.Ю.
Кеше медицина қызметкері күніне орай қала әкімі Ионенко Виктор Николаевич медициналық активті кәсіби мерекесімен құттықтады. Олардың ішінде біздің дәрігер Смирнов Роман Александрович және мейіргер Қожахметова Әлия Бақтпайқызы марапатталды.