2023 жылы 29 маусымда психолог А.А. Рыжикова 3 ЖТД бөлімшесінің ұжымында эмоционалды күйудің алдын алу тақырыбында тренинг-ойын өткізді. Нейрографика әдісімен жұмыс істеп, шығармашылық ойлау мен қиялды дамытатын «Импровизация» ойынын ойнадық. Сондай-ақ, күрделі жағдайларда өзіне жедел көмек көрсету үшін «Эмоциялық еркіндік техникасы» тәжірибесі өткізілді.