3 99 98 — колл-орталығы
5 45 05 — шұғыл психологиялық көмек
3 99 11 — емделушілерді қолдау
Қазанның 50 жылдық көшесі 102А
Дс-Жм:08:00—20:00
Сн: 09:00—14:00
16 тамызда «2024-2025 жылдардағы эпидемиялық маусымға тұмау, жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) және коронавирустық инфекция (COVID-19) бойынша санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізу туралы» бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің міндетін атқарушының Қаулысы күшіне енді.
Халық арасында тұмаудың, ЖРВИ мен COVID-19 таралуының алдын алу мақсатында қажетті температуралық режимді сақтауды қоса алғанда, күзгі-қысқы кезеңде медициналық, білім беру, әлеуметтік және өзге де ұйымдардың жұмысқа дайындығын қамтамасыз ету қажет.
15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы иммуннизация науқаны басталады.
Медициналық ұйымдарда медицина қызметкерлерінің маска режимі енгізіледі, онда дезинфекциялық режим де күшейтіледі.
Тұмау, ЖРВИ, COVID-19 ауруларының алдын алу үшін келесі алдын алу шаралары ұсынылады:
Бүгін қалалық емхананың қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсене қатысты! Біз өз емделушілеріміздің денсаулығына қамқорлық көрсетіп қана қоймай, қаламызды таза әрі жасылдандыруға ұмтыламыз.
Акция аясында әріптестеріміз аумақты тазалап, жолдарды сыпырып, қоқыс жинады. Әрбір күш-жігердің маңызы зор және біз қоршаған ортаны жақсартуға өз үлесімізді қоса алатынымызды мақтан тұтамыз.
Мұндай іс-шараларға қатысу - бұл қаламызды тазартып қана қоймай, табиғат пен қоғамға қамқорлық жасау маңыздылығына да үлгі.
Қаламыздың таза әрі жайлы болуы үшін бірлесіп жұмыс істейік! Бізге қосылыңыз және абаттандыру жөніндегі бастамаларды қолдаңыз.