3 99 98 — колл-орталығы

  5 45 05 — шұғыл психологиялық көмек

  3 99 11 — емделушілерді қолдау

  Қазанның 50 жылдық көшесі 102А

 Дс-Жм:08:00—20:00
     Сн: 09:00—14:00

serg

serg

2024 жылдың 12 қаңтарда "Рудный қалалық емханасы" КМК мемлекеттік қызмет көрсетудің ашықтығы мен есептілігі мақсатында бас дәрігердің медициналық жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.Ж.Рахметовтың есебі тыңдалды. 2023 жылғы қорытындылар мен қол жеткізілген нәтижелер баяндалды.

2024 жылдың 11 қаңтарында РЖД тәрбиеленушілеріне «Зиянды әдеттер» тақырыбында дәріс өткізілді

Іс-шараны Кельник ТБ медбикесі өткізді

Бүгін 2024 жылы 9 қаңтарда Рудный қалалық емханасында, орталық корпуста кіші және орта медициналық қызметкерлерге арналған семинар өткізілді. "Медицина қызметкерінің этикасы және деонтологиясы"тақырыбы. Ұжым ішіндегі қызмет көрсету мен жұмыс сапасын жақсарту үшін.

Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Рудный қалалық емханасы» «Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы» ММ Байқау кеңесінің мүшесін коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға іріктеу бойынша конкурс жариялайды.

Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, мекенжай бойынша орналасқан: 110000. Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Рудный қ., 50 жыл қазан  к-сі 102А, телефоны: 8(71431)72957.

Негізгі қызметі: денсаулықты сақтау саласындағы қызметтерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдау басталатын күн мерзiмдi баспасөз басылымдарына конкурс өткізу хабарландыруы орналастырылған күннен бастап айқындалады.

Кандидат мерзімді баспасөз басылымдарында конкурс өткізу жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде конкурсқа қатысуға өтінімді келесі мекенжай бойынша ұсынады: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қ. Быковский көшесі 4а, №309 кабинеті, телефон: 8 (7142) 390-519.

Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің:

  1. денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;
  2. денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;
  3. денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі.

Мынадай:

  1. соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;
  2. заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;
  3. бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
  4. байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы адамды байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайлауға болмайды.

Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді ұсыну мерзімі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдаудың басталу күні мерзімді баспасөз басылымдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап, яғни 2023 жылғы 28 желтоқсаннан бастап айқындалады және конкурс өткізу жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткенге дейін, 2024 жылғы 26 қаңтарға дейін қолданылады. Құжаттарды қабылдау мерзiмдi баспасөз басылымдарына конкурс өткізу жарияланған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң аяқталады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

  1. конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);
  2. қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
  3. өмірбаян (еркін нысанда жазылған);
  4. үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  5. жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;
  6. Еңбек Кодекстің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері;
  7. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады.

Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.

Ішкі және сыртқы конверттер:

  1. "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" ММ, 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Быковский көшесі 4а, №309 кабинет мекенжайға жіберілуі керек;
  2. "Рудный қалалық емханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының Байқау кеңесі мүшелерінің конкурсы" және "2024 жылғы 26 қаңтарға дейін ашылмасын" деген сөздерді қамту керек.

Жаңа 2024 жыл қарсаңында Рудный қалалық емханасында бөлімшелер арасында Үздік жаңа жылдық безендіруге байқау өтті. Барлық қызметкерлер өздерінің декорацияларын дайындауға ынталы және керемет көңіл-күймен белсенді қатысты. Барлық бөлімшелер мерекелік көңіл-күй мен емхана кәсіподағынан естелік сыйлықтар алды.

Бейімбет Майлин атындағы 7 мектеп-гимназиясында бүгін Халықаралық "Қазақ тілі "қоғамдастығының ұйымдастыруымен өткізілген "Дарабоз" интеллектуалды ойыны өтті. Біздің емханамыздың мамандары да өз күштерін сынап, алғаш рет сайысқа қатысып бас жүлдеге ие болды.

Қазақстан Тәуелсіздік күні-Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекесі. Бұл күн Қазақстанда жыл сайын 16 желтоқсанда атап өтіледі.

"Қазақстанның тәуелсіздік күнін" өткізу күні кездейсоқ таңдалмады. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі Республиканың тәуелсіздігі және Мемлекеттік Егемендігі туралы заң қабылдады.

Рудный қалалық емханасында Тәуелсіздік күніне арналған концерт өтті, онда біздің емхананың қызметкерлері өздерінің шығармашылық таланттарын көрсетті.

© КГП «Рудненская городская поликлиника»