Рудный қаласында 1 тамызда "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық бағдарламасы аясында мемлекеттік мекемелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардан, AMANAT партиясының мүшелерінен 100-ге жуық адам рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісін тазалауға шықты, 2 бірлік техника жұмылдырылды және полигонға 6 тоннадан астам қоқыс шығарылды.
Қала тұрғындарына аумақты абаттандыру ережелерін сақтау және ірі көлемді қалдықтарды арнайы бөлінген орындарға шығаруды жүзеге асыру қажеттігін еске саламыз.