«Рудный қалалық емханасы» КМК ұжымы әрбір медициналық мекеменің өміріндегі маңызды емтиханды лайықты тапсырды - ұлттық стандарттарға сәйкестікке аккредиттеуден сәтті өтті.
Біздің емханаға бағалау қорытындысы бойынша аккредиттеудің бірінші санаты берілді. Бұл емхананың медициналық көмек сапасы мен емделушілердің қауіпсіздігінің жоғары стандарттарына сай келетінін білдіреді.
Медициналық ұйымдарды аккредиттеу медициналық қызметтердің сапасын бақылауда және белгіленген стандарттарды сақтауда негізгі рөл атқарады.
2025 жылы Қазақстанда бұл процесс медициналық қызмет көрсету деңгейін және оның халықаралық талаптарға сәйкестігін жақсарту мақсатында жаңартылды. Естеріңізге сала кетейік, Рудный қалалық емханасы - Қостанай облысындағы тіркелген 86000-ден астам адамға қызмет көрсететін ірі емхана. Біздің емхана алғашқы медициналық-санитарлық, консультациялық-диагностикалық, стационарды алмастыратын және шұғыл көмек түрінде амбулаториялық-емханалық көмек көрсетеді.