2024 жылдың 24 мамырында Дүниежүзілік артериялық гипертонияға қарсы күрес күніне орайластырылған Ұлттық бағдарлама аясында «Отбасын қолдау және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ ҚОӘДСБ «Рудный қалалық емханасы» КМК қызметкерлерімен СӨС мейіргері Кельник Татьяна Борисовна және психолог Пицукова Ирина Николаевнамен кездесу өтті. Кездесуге қатысушыларға жүрек-қан тамыры ауруларының алдын алу бойынша ақпарат берілді.
Сонымен қатар, «Артериялық гипертонияға қарсы күрес» акциясы өткізіліп, қатысушылар өздерінің артериялық қысымын өлшеуге мүмкіндік алды.