2024 жылдың 20 наурызында Рудный қалалық емханасында Наурыз мейрамына арналған мерекелік концерт өтті.
Наурыз – көктем мен жаңарудың, береке мен бірліктің мерекесі. Құттықтау сөзінде емхананың бас дәрігері Қалиева Күлжамал Сүлейменқызы баршаға бақыт, денсаулық, бейбітшілік тіледі.
Қазақ халқының салт-дәстүрін ұстанған концертте емханамыздың өнерлі еңбеккерлерінің орындауында ән мен домбыра күйлері орындалып, би билеп, тақпақтар айтылды. Бұл жарқын да көңілді шара жылы әрі мейірімді атмосферада өтті. Халқымыздың басты байлығы – бейбітшілік пен келісім. Шынында да, ортақ еңбекте қиындықтар мен қиыншылықтарды жеңе отырып, шынайы достық туады.