2023 жылы 6 қарашада "Рудный қалалық емханасы" КМК мүгедек азаматтарды әлеуметтік қолдау айлығына байланысты "Ашық есік күнін" өткізді. Азаматтарды емхананың әлеуметтік қызметкерлері қарсы алып, ертіп жүрді. Қабылдауды маман дәрігерлер жүргізді: кардиолог, невропатолог, көз дәрігері, ЛОР дәрігері, эндокринолог, терапевт. Тексеру жүргізілді: электрокардиография, маммография, флюорография, көзішілік қысымды өлшеу, қант пен холестеринге қан алу. Дәрігерге дейінгі, скринингтік кабинет. Бұл күн көптеген мүгедектер үшін өте ыңғайлы. Бір күнде Сіз тексеруден өтіп бірнеше консультациялық қабылдаулар ала аласыз.