ҚОДСБ «Рудный қалалық емханасы» КМК профилактикалық іс-шаралар кешені шеңберінде өрт күзетінің басқарма өкілі инженері Р.Р.Елеуов персонал үшін өрт қауіпсіздігі бойынша дәріс өткізді.
Өрт қауіпсіздігінің негізгі шаралары мен ережелерін түсіндірді, тыныс алу органдарын қорғау құралдарын және алғашқы өрт сөндіру құралдарын қалай пайдалану керектігін көрсетті. Сондай-ақ, мамандар үйдегі өрт қауіпсіздігі тақырыбын қозғады, инженер отпен және электрмен дұрыс жұмыс істеу туралы айтты.
Дәріс соңында тұрғын үй мен жұмыс орнында өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша ұсыныстар берілді.
Мұндай кездесулер азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын қолжетімді түрде жеткізуге және өрттің алдын алу шаралары туралы ақпаратты жеткізуге мүмкіндік береді.