2022 жылы 15 қарашада Жастар ресурстық орталығында медициналық көмектің қолжетімділігі, сапасы, қаржыландыру және МӘМС жүйесіне тарту мәселелері бойынша есептік кездесу өтті. Осы отырыста АСМС филиалының директоры Б.А.Нұрғалиев медициналық ұйымдарды қаржыландыру туралы, ӘМСҚ-ға шағымдар мен оларды шешу жөніндегі шараларды қоса алғанда, халықты сақтандырудың ағымдағы жағдайы туралы ақпаратты жария ете отырып сөз сөйледі.
«Рудный қалалық емханасы» КМК бас дәрігері К.С.Калиева медициналық көмекті ұйымдастыру және тұтастай алғанда ұйымның қызметі туралы есеп берді. Сондай-ақ, скринингтік тексерулерге, қызметкерлердің халыққа міндетті медициналық сақтандыру бойынша жүргізетінін түсіндіру жұмыстарына және диспансерлік есепте тұрған пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қатысты түсіндірмелер жүргізілді.
Осы кездесу соңында тілек білдірушілер МӘМС қатысты қойылған сұрақтарға жауап ала алды.