Жастар ресурстық орталығында "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауының қалалық кезеңінің қатысушыларын құттықтау өтті. Аталған іс-шараға РҚЕ аға тіркеушісі Шаухина Кәмшаттың отбасы қатысты. "Үлгілі отбасы" номинациясы бойынша құрметті орынға ие болды, балаларды дұрыс тәрбиелегені, аға ұрпаққа қамқорлық көрсеткені үшін алғыс айтылды. Отбасы облыс деңгейінде қатысуға мүмкіндік алды.