Отбасы – адамзат баласының шыр етіп келгенде, есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін ,тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.
Отбасынын ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбиеберушілік міндеті, оны қоғамдағы тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі – баланы дүниеге келтіру ғана емес, балаларын өздерін қоршаган ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке- шешенің ең маңызды міндеті.
Отбасы күні мерекесіне орай КММ «Рудный қалалық емханасы» қайырымдылық акциясын өткізді. Іс –шара барсында кункөрісі төмен , көпбалалы отбастарына киім кешектер, ойыншықтар, кітаптар табысталып көмек берілді.Аталған көмекті А.Утебековтер, К.Генингтер, Г. Козиндер отбастарына берілді.