3 99 98 — колл-орталығы

  5 45 05 — шұғыл психологиялық көмек

  3 99 11 — емделушілерді қолдау

  Қазанның 50 жылдық көшесі 102А

 Дс-Жм:08:00—20:00
     Сн: 09:00—14:00

Наурыз мейрамына арналған мерекелік концерт өтті

2024 жылдың 20 наурызында Рудный қалалық емханасында Наурыз мейрамына арналған мерекелік концерт өтті.

Наурыз – көктем мен жаңарудың, береке мен бірліктің мерекесі. Құттықтау сөзінде емхананың бас дәрігері Қалиева Күлжамал Сүлейменқызы баршаға бақыт, денсаулық, бейбітшілік тіледі.

Қазақ халқының салт-дәстүрін ұстанған концертте емханамыздың өнерлі еңбеккерлерінің орындауында ән мен домбыра күйлері орындалып, би билеп, тақпақтар айтылды. Бұл жарқын да көңілді шара жылы әрі мейірімді атмосферада өтті. Халқымыздың басты байлығы – бейбітшілік пен келісім. Шынында да, ортақ еңбекте қиындықтар мен қиыншылықтарды жеңе отырып, шынайы достық туады.

© КГП «Рудненская городская поликлиника»