ДИНАМИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕ ТҰРҒАН ПАЦИЕНТТЕР ҮШІН МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ
Балалардың церебралды сал ауруы бойынша қызметтер ТМККК пакетінен МӘМС-ке неге көшірілгенін және бұл пациенттер үшін не білдіретінін анықтайық.
Мысалы, сал ауруына шалдыққан және мүгедектігі бар балаңыз бар. Ол мәртебесі мен пакетіне қарамастан автоматты түрде сақтандырылған болып есептелетін азаматтардың 15 жеңілдікті санатының қатарына кіреді. Мұндай балалар үшін жарналарды мемлекет толығымен төлейді.
Бала 18 жасқа толғанда жағдай қорғалған болып қалады:
- Егер ол қозғалмайтын болса және денсаулығы бойынша тұрақты шектеулері болса, ата-аналар құжаттарды алдын ала дайындап, мүгедектікті ресімдеуі қажет. Бұл жағдайда мемлекет оның сақтандыру жарналарын төлеуді жалғастырады.
- Егер ол жұмыс істеуге қабілетті болса, бірақ әзірге ешбір жерде жұмыс істемесе, оған жұмыссыз ретінде тіркелу қажет. Сонда ол үшін жарнаны мемлекет жергілікті атқарушы органдар арқылы да төлейтін болады.
- Егер ол жұмыс істесе, бірақ аз табыс тапса, ол дағдарыстық немесе шұғыл әл-ауқат деңгейіне жатқызылады (Д және Е санаттары). Және қайтадан ол үшін сақтандыру жарналарын мемлекет жабатын болады.
- Егер ол студент болса (орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын), ол үшін жарна да мемлекет төлейтін болады.
- Егер ол ресми түрде жұмысқа орналасқан болса, ол үшін жарнаны жұмыс беруші аударады.
- Егер ол өзін-өзі жұмыспен қамтыған болса, жарнаны өз бетінше төлеу қажет - айына 4 250 теңге немесе жылына 51 000 теңге.
Кепілдендірілген пакеттің қысқаруы көмек көлемінің қысқаруын білдірмейтінін түсіну маңызды. Бірде-бір қызмет жоғалып кетпейді - тек оның қаржыландыру көзі ғана өзгереді. Қант диабеті, балалардың церебралдық сал ауруы және басқа да созылмалы аурулары бар пациенттерді қоса алғанда, барлық сақтандырылған азаматтар МӘМС аясында емді, кеңесті және қажетті дәрілерді бұрынғыдай алуды жалғастырады.
D және E санаттарына кімдер жатады:
Бұл өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар:
- тұрақты жұмысы жоқ;
- соңғы үш айда зейнетақы аударымдарын жасамайды;
Егер Сізде «сақтандырылмаған» мәртебесі шықса - қызметтерге қол жеткізу үшін не істеу керек?
Сізге қажет:
✔ Егер Сіз өзіңізді жұмыспен қамтысаңыз, жарналар бойынша берешекті өтесіз
Қарызды мәртебесі тексерілетін жерде тексеруге болады.
Kaspi/Egov арқылы төлеңіз.
✔ Жеңілдікті санаттардың біріне кіру
Мысалы:
Сал ауруына шалдыққан Сіздің балаңыз 18 жасқа толғаннан кейін мүмкіндігі шектеулі адам ретінде сақтандырылуы үшін алдын ала мынадай құжаттарды дайындау қажет:
- Төлқұжат немесе жеке куәлік.
- Медициналық ұйым берген МӘС-ке жолдама.
- Сал ауруын және оның организмге әсерін растайтын медициналық құжаттар (үзінділер, мамандардың қорытындылары, зерттеу нәтижелері).
Одан әрі МӘС өту:
- Құжаттарды аумақтық медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесіне тапсырыңыз.
- Дәрігерлік-консультативтік комиссия сіздің медициналық құжаттамаңызды зерделейді және қажет болған жағдайда қосымша тексерулер тағайындайды.
- Зерттеу деректері негізінде мүгедектік тобын белгілеу туралы шешім қабылданады.
Егер сіздің балаңыздың мүгедектігі анықталса, ол бірден жеңілдік алушыларға жатады және ол автоматты түрде сақтандырылатын болады.
✔ Жұмыссыз мәртебесін ресімдеу
Сізді жұмыссыздарға ресімдеуге алдын ала өтінім беру. Мұны Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы немесе enbek.kz сайтында жасауға болады - сонда Сіз үшін жарнаны мемлекет төлейтін болады.
✔ Д және Е санаты
2026 жылдан бастап мемлекет табысы төмен азаматтар үшін медициналық сақтандыруды (МӘМС) төлей бастайды. Бұл ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 267 бұйрығымен көзделген.
«Д» (дағдарыстық деңгей) және «Е» (шұғыл деңгей) жаңа әлеуметтік санаттарына жататын адамдар қолдау алады. Олар жеңілдік алушылар емес, әлеуметтік осал деп танылған азаматтардың жаңа топтары.
Осы санаттар үшін жарналарды жергілікті атқарушы органдар төлейтін болады.
Егер сіз «Д» немесе «Е» санаттарына жататыныңызды білгіңіз келсе, өз мәртебеңізді ресми растау үшін өңіріңіздің жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына хабарласыңыз.
Егер сұрақтарыңыз болса, телефон нөміріне хабарласыңыз:
3-99-11








